ИСАЕВ Ибрагим

ИСАЕВ Ибрагим (7.1.1949 ж.т.. Қызылорда обл. Сырдария ауд. Жетікөл а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. Сырдария ауд. «Сырдария» газетінде әдеби қызметкер. Қызылорда обл. халық шығарм-ғы үйінде нұсқаушы-әдіскер. Қазақстан Жазушылар одағында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы -На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгеруші қызметтерін атқарған. Өлеңдері венгр, божар тілдеріне аударылған. Коми ақыны И.Кургатов. орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» ән альбомы жарық көрген. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *