ИРОНИЯ

(грек. eironeia-келемеж, кекесін) -адамға, затпен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. И-ға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мыс., қара кісіні»аппағым», пұшық адамды «қоңқағым» деу). И. 18 ғ-дың аяғында барынша дамыды. Еуропада -Вольтер, Г.Гейне, Ф.Франс, Б.Шоу, Ресейде Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовский, т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды. И. қазақ әдебиетінде де көп кездеседі. Мыс., «Айман -Шолпан» жырында Айманның Әлібекті, «Біржан -Сара» айтысында Сараның Жиенқұлды «Мақтауы». Абай И-ны әлеум. өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады («Болыс болдым мінеки», «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек». т.б.). С. Дөнентаев, С.Торайғыров, А.ТоқІмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков.т.6. И-ға толы көптеген шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында И. молынан кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *