ИМПРОВИЗАЦИЯ

ИМПРОВИЗАЦИЯ (лат. inprovisus -кенетген, тұтқиылдан), суырыпсалмалық -көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі. И. поэзияда, музыкада, театрда, биде, т.б. кездеседі. Кәсіби өнердегі И-ның тууы, негізінен, халық шығарм-ғымен тығыз байланысты. Ежелден-ақ көптеген халықтарда И-ның айрықша белгілерін көрсететін суырыпсалмашылар болған. Қазақ халқының ақын-жыраулары, шешендері, күйшілері, әншілері И-ның озық үлгісін көрсеткен. И. қазақтарда жалпыұлпық сипат алған. Поэтикалық И. -ақын немесе жыршының алдын ала дайындықсыз берілген тақырыпқа кенеттен жыр шығаруы. Қазақауыз әдебиетінің өкілдері, негізінен, суырыпсалмашылық өнерге шебер болған. Ежелгі дәстүр бойынша жылдам әрі бөгетсіз өлең шығарып айта білмегенді халық ақын дап танымаған. И-ның үздік үлгісі -ақындар айтысы. Шынайы И. өнері саналатын айтыс -сөз сайысының ерекше түрі болып табылады. Ақындық дарын өзара айтыс пен өнер жарыстарында (ойын-той, жиын-мереке) сынға түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *