ИМАНЖАНОВ Мұқан

ИМАНЖАНОВ Мұқан (20.12.1916. Қарағанды обл. Жезді ауд. -18.3. 1958. Алматы) -жазушы. Алматыдағы есеп-санақ техникумын бітірген (1938). 1938 -41 ж.»Респ. телерадио хабарларын тарату к-тінде. 1942 -49 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1949 -58 ж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әңгімелері респ. газет-журналдарда «Тау ұлы» деген атпен шығып тұрған. Тұңғыш әңгімелер жинағы -«Жастық» 1948 ж. жарық көрген. «Қызыл Жұлдыз» орденімен (1945). медальдармен марапатталған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *