ИМАНБАЕВ Зейнел-Ғаби

ИМАНБАЕВ Зейнел-Ғаби (2.1.19-24. Солт. Қазақстан обл. Сергеев ауд. Ортақкөла. -1987) -жазушы. Алғашқы өлеңі Солт. Қазақстан обл. «Ленинтуы» газетінде (1940), тұңғыш әңгімесі -«Қанатты өмір» «Әдебиет және искусство» журналында (1953) жарияланған. «19-41 -45 ж. 2-дүниежүз. соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Пікір білдіруші Алтын: 

Зейнел-Ғаби Иманбаев /1924-1987/

1924 жылы 2-қаңтар күнi Солтүстiк Қазақстан облысының Прес-
нов ауданына қарасты (қазіргі Шалақын ауданы) Ортақкөл ауылында туған. 1941 жылы Баян орта мектебiн бiтiредi де, денсаулығына байланысты, одан әрi қарай оқуын жалғастыра алмайды. Колхозда есепшi болып iстейдi. Бiрақ өздiгiнен оқып бiлiмiн көтередi, үнемi iздену, талаптану үстiнде болады.
Өлең жазады. Алғашқы өлеңдері облыстық «Ленин туы» газетiнде
/1940/ жарық көредi. З. Иманбаевтың тұңғыш әңгiмесi — «Қанатты
өмiр» 1953 жылы республикалық «Әдебиет және искусство» /қазiргi «Жұлдыз»/ журналында басылады. Содан бастап облыстық, республикалық газет-журналдарда әңгiмелерi, очерктерi, повестерi үнемi жарияланып тұрады.
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев 22-қараша 1960 жылы Кеңес үкіметі Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданды, әдеби псевдонимі -Қаражігітов.
Зейнел-Ғаби Иманбаев өздігінен оқыған жазушы. Әр қаламгер өмiр сырына өз көзiмен қарап, содан өзiнше ой түйетiнi белгiлi. Осы тұрғыда нағыз шындықтан жаза баспауға тырысатын Зейнел-Ғаби Иманбаевтың тақырып шеңберi де ауқымды. Ол өзiнiң әңгiме, очерк, повестерiнде ауыл өмiрiн, тың және тыңайған жерлердi игеру кезiндегi адамдардың қажырлы еңбегiн, Ұлы Отан соғысы кезiндегi тылдағы ауыртпалық, қиындықтар, әр түрлi мамандық иелерi жайлы сөз қозғайды.
Зейнел-Ғаби Иманбаев өмiрдегi елеусiз құбылыстардың өзiнен тартымды әңгiме тудырып, тереңнен ой толғай бiлетiн, тiлге бай сөзге тапқыр жазушы.Ол балаларға арналып жазылған көптеген әңгiме, повестердiң авторы.
Жазушының өзінің өмірбаяндық жазуы бойынша Зекең бірінші Абайды ұстаз тұтқан. Екінші Чеховты, үшінші Бейімбет Майлинды, төртінші Островскийды ұстаз еткен. Өйткені Абайдай философиялық ой қозғауды Абайдан, қысқа жазуды Чеховтан, табиғи, ұлттық бояуды жағып табиғи, тартымды жазуды Бейімбет Майлиннен және өткір, қажырлы да қайратты жазуды Островскийден үйренген
Шығармаларының негiзгi тақырыбы — туған жердiң тамаша табиғаты, бала бойындағы кiршiксiз таза сезiм, олардың аңқау да адал көңiлдерiнен туындап жатқан жайттар.
Жазушы қай тақырыпта болмасын жас буынды Отанды сүюге, туған жер табиғатын қорғауға, батылдыққа, ержүректiкке, еңбекте табанды болуға шақырады, достық, кiшiпейiлдiк, тапқырлық, батылдық жайлы сөз болады.
Зейнел-Ғаби Иманбаев «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн» медалiмен, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Грамотасымен; «Тың жерлердi игергенi үшiн»;
«Ерлiк еңбегi үшiн», В.И. Лениннiң туғанына 100 жыл толуы құрметiне; «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң отыз жылдығы»;
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң қырық жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев 1987 жылдың 17 қазанында қайтыс болды.

Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың жарыққа шыққан жинақтары.

1.Иманбаев, З.-Ғ. Бастама: Әңгімелер жинағы/
З.-Ғ.Иманбаев.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1959.- 96 бет.
2.Сырымбет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960;
3.Арлан. Повесть, әңгіме. А., ҚМКӘБ, 1961;
4.Дала көктемі. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1963;
5.Иманбаев, З.-Ғ. Кішкене малшы: Рассказ/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жазушы, 1964.- 14 бет.
6.Кең аймақ. Очерктер. А., «Жазушы», 1965;
7.Жас шыбықтар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966
8. «Жирен сақал» Әңгімелер. «Жазушы», 1967
9. Солмайтын гүл. Повесть, әңгіме. А., «Жазушы», 1968;
10.Иманбаев, З.-Ғ. Нағажайлы түнде: Әңгімелер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жазушы, 1970.- 49 бет.
11.Иманбаев «Кіреуке мерген» — Алматы: Жазушы, 1973
12.Иманбаев, З.-Ғ. Айналайын, адамдар! Очерктер мен деректі әңгімелер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Қазақстан, 1975.- 88 бет.
13.Иманбаев, З.-Ғ. Қыран түлегі: Повестер мен әңгімелер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жазушы, 1977.- 144 бет.
14.Иманбаев, З.-Ғ. Дала әңгімелері: Әңгімелер мен повестер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жазушы, 1979.- 168 бет.
15.Иманбаев, З.-Ғ. Құстар Қайтып оралғанда: Әңгімелер мен повестер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жалын, 1981.- 160 бет. «
16. Иманбаев, З.-Ғ. Ауыл түтіні: Әңгімелер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Жазушы, 1985.- 112 бет.
17. Иманбаев З. «Солмайтын гүл» «Жалын» баспасы. 1987
18.Иманбаев, З.-Ғ. Қос қайың: Әңгімелер мен повестер/ З.-Ғ. Иманбаев.- Алматы: Қазақпарат, 2011.- 616 бет.
19. Иманбаев З. «Балаларға арналған қызықты әңгімелер»
«Солтүстік Қазақстан»» баспасы 2013.- 40 бет
20. «Қанатты өмір» Деректі әңгімелер мен естеліктер. «Солтүстік Қазақстан»» баспасы. 2019 — 260 бет

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *