ИМАНБАЕВА Шолпан

ИМАНБАЕВА Шолпан (9.5.1904. қазіргі Ақмола обл. Қорғалжын ауд. -18.9.1926, Астана) -ақын. 1923 ж. Ақмола қ-нда сауат ашу курсында оқыған. Орынбордағы өлкелік әйелдер курсын бітірген (1925). Қаладағы балалар коммунасында тәрбиеші болып қызмет істеген. «Жолаушы мен жұмыскер» алғашқы өлеңі «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде 1923 ж. жарияланған. «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдары мен «Жас қайрат» газетінде өлеңдері жарияланған. «Таңдамалы өлеңдер» (1927). «Өлеңдер» (1950) жыр жинақтары жарық көрген. И. » Қоңыр қаз», «Қазақ әйеліне», «Жолдасыма», «Апайға», «Жетгік, міне», «БіздіңСәуле», «Жас ініме», «Жас кайратқа», «Жастарға», «Бұлбұл мен қарға», «Зейнепке», «Жәкең жаман сасады», т.б. өлеңдердің авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *