Ей, көңілім, қайғырма, ағып өткен ай-жылға

Ей, көңілім, қайғырма, ағып өткен ай-жылға,
Қашан мұрттай ұшқанша табаныңды тайдырма.
Алма мойын алдында дайын тұрса иіліп,
Қылыш тисе қолына бас алады маймыл да.
Қара дәуді жыққанмен тауды қалай жығасың,
Жүре-жүре опасыз дүние сырын ұғасың.
Темір келі–тіршілік, құрыш келсап–заманың,
Тас болсаң да мап-майда талқан болып шығасың.
Сарай салып берсең де ешкім сені жақтырмас,
Кәрі мыстан қожайын қаптың түбін қақтырмас.
Арман деген қолыңда жылтыраған инедей,
Түссе қорда ішіне қопарсаң да таптырмас.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *