Барлығы да бір Алланың қолында

Барлығы да бір Алланың қолында,
Кім біледі кім түседі қақпанға?
Арда туған азаматым–Имашым,
Алғыс алған жақыннан да, жаттан да.
Өнер үшін жұлып берген өзегін,
Өрге сүйреп не бір қиын шақтарда!
Дуылдасын, шуылдасын көп қарға,
Қарғаларға жаза бар ма, сот бар ма?
Қырандарды сақтасын тек құдайым,
Жанған оттан, жаулар атқан оқтан да!..
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *