АҚ ӨЛЕҢ

АҚ ӨЛЕҢ, ұйқассыз -өлең тармақтары соңындағы сөздердің дыбыстары үйлеспей,қабыспай, ұйқасы белгісіз қалыпта, «ақ» күйінде қалған ұйқассыз өлең үлгісі. Орыс тіліне француз тілінен «blanch-белый стих» болып аударылып,қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Сырттай қарағанда,мүлде ұйқассыз көрінгенмен,ұйқасы шумақтың немесе тармақтың кез келген тұсында тұра береді. Оқырманның сезіміне әсер ету үшін кейде ұйқастүйдектері де кездесуі мүмкін. Ең көне А. ө. үлгілері 5-9ғ-лардағы түркі жазба ескерткіштерінде (Күлтегін, Тоныкөк), қазақтың шешендік сөздерінде кездеседі. А. ө. драматургия жанрында жиі қолданылған. Оның тамаша үлгілері У.Шекспир («Король Лир», «Гамлет»), А.С. Пушкин («Борис Годунов») т.б. шығармаларында бар. Қазақ драматургаясында М.Әуезов («Айман-Шолпан», «Бекет»), Ғ.Мүсірепов («Ақан сері -Ақтокты»),Ә.Тәжібаев («Көтерілген күмбез», «Жомарттың кілемі») Ә.Кекілбаев («Абылай хан»), т.б. қаламгерлер А. ө. үлгісін сәтті қолданды. Лирикалық өлеңдерде А. ө-нің ұйқасқан және ұйқаспаған жолдары араласып келеді. Силлабик. жүйеге жататын қазақ өлеңінің ұйқас қорының молдығына, бунақ, буын, тармақ, шумақтардың өзара үйлесуге аса икемділігіне байланысты А. ө. төл поэзиямызға еркін ене алмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *