АҚТАЕВ Сарбас (30.9.1934 ж.т.. Солт. Қазақстан обл. Көкшетау ауд. Жылымды а.) -ақын. жазушы. Қазақстанның еңб. сің. мәдениетқызметкері (1984). Қарағанды пед. ин-тын (қазіргі ҚарМУ) бітірген (1957). Еңбекжолын Көкшетауауд. «Колхоз жолы» газетінде жауапты хатшы болып бастаған. 1958 -62 ж. Көкшетау обл. «Көкшетау правдасы» газетінде әдеби қызметкер. бөлім меңгерушісі. 1963 -65 ж. Респ. саяси сықақ журналы «Ара» -«Шмель» редакциясында фельетоншы. 1965 -73 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде бас редактордың орынбасары. 1973 -90 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бас редактордың орынбасары. 1991 -94 ж. «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды, 1994 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы. Алғаш 1963 ж. «Тұңғыш кітап» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. А-тың бірнеше өлеңдер жинағы, тарихи эсселер, деректі әңгімелері жарық көрген. А. аударма саласына да белсене ат салысты Оның аударуымен Э.Сетон Томпсон мен М.Шолоховтың әңгімелері, орыс жазушылары В.А. Обручевтың «Жұмбақ жер», Н.И. Ановтың «Ән қанаты», әзербайжан жазушысы А.Джапарзаденің «Елге қайт», француз жазушысы Альбер Камюдің «Оба»,
дат жазушысы Кнут Гамсунның «Аштық», «Тылсым», «Орман тәңірі»,»Махаббат мұңы» романдары мен орыс жазушылары Р.Фрайерманның «Түз тағысы Динго»,»Тұңғыс қызы», Д.Манин-Сибиряктің «Қыр хикаялары», югослав жазушысы Б.Китановичтің «Жаужүрек» повестері мен әңгімелер жинағы, т.б. жеке-жеке кітап болып шықгы. А-тың аудармашылық қызметінің тағы бір нәтижесі -Шоқан Уәлихановтың негізгі шығармаларының қазақ оқырмандарына жетуі. Сондай-ақ ол әр жылдары А.С. Пушкиннің, Т.Шевченконың, И.Тургеневтің, А.Майковтың өлеңдерін қазақтіліне аударды. Журналистика саласынағы жемісті еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет белгісі» (1973. 1985),»Парасат» (2004) ордендерімен және медальдармен, екі мәрте Қазақ КСРЖоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1984,1994) марапатталған.»КСРО Баспа-сөзінің үздік қызметкері»(1968)атағына,төрт рет Журналистер одағы сыйлығына (1967, 1968.,1977,1995) ие болды.