АҒАШАЯҚ Назаролла Жүндібайұлы

АҒАШАЯҚ Назаролла Жүндібайұлы (1818, бұрынғы Семей обл. Өскемен уезі, Делбегетей болысы, Сапақ а. -1898. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Саттыққыстағы) -әнші-ақын, өнерпаз. «Беташар», «Билерге», «Баласы Жүндібайдың атым Назар»,» Атандым өзім Назар Ағашаяқ», «Жарқылдадым жас күнде», «Кәрілік» секілді өлеңдері көңіл күйді, өмірден көріп түйгендерін мысқыл, нақыл сөздері арқылы білдіреді. Оның «Қара жорға», «Ау, жаным, Жәнікей-ау», «Сары өзен» әндері ел ішіне кең тараған. А. өлеңдері Әдебиет және өнер ин-ның Қолжазбалар орталығында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *