АКАДЕМИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМ — ақын-жазушылар шығармаларының ғыл. текстологиялық зерттеу негізінде дайындалып, жарық көрген толық жинағы. Мұндай басылымда автордың шығармалары толыққамтылып, әр шығарманың мәтінінің дәлдігі, дұрыстығы түпнұсқалармен қолжазбалармен салыстыра зерттеу негізінде айқындалып, қалыпқа түсірілген түрде беріледі. Шығармалардың мәтіндік тұрғыдан қаншалықты тексерілгендігі, олардың жазылу тарихы, қоғамдық мәні, көркемдік сипаты жан-жақты айқындалып, оған ғыл. түсініктемелер жазылады. А. б-ның озық үлгілері ретінде Абай шығармаларыныңтолықжинағын, М.Әуезов шығармаларының 20 томдық академиялық басылымдарын, т.б. атауға болады.