АЙТЫС -ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырыпсалып айтылатын сөз сайысы,жыр жарысы. А. түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. М.Қашқаридің «Диуани-лұғат ат-түрк» атты еңбегінде «Жаз бен Қыстың айтысы», Иасауидің «Диуани хикметіндегі» «Жұмақ пен Дозақтың айтысы» бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады. Түркі халықтары арасындағы А. өнері қазақтар мен қырғыздар арасында жақсы дамыған, түріктер арасында да А-тың кейбір сақталған нышандары бар. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс және сүре айтыс болыпекігебөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса («Жар-жар», «Бәдік»), екіншісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (Ақсұлу мен Кеншімбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Құлмамбет, Молда Мұса мен Манат қыз, Кемпірбай мен Шөже, Орынбай мен Тоқжан, Біржан мен Сара айтыстары, т.б.). А. мазмұндықсипатынақарай. әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс. мадақ айтыс болып жіктеледі. А. -синкретті жанр. ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик.,эпик., драм, сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі ықпал жасап отырған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген А. халқымыздың сан алуанойын-той,әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған, Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйерлеріне айналған. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетик. ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарды. А. кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болған. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүр орныққан. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. А-тың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы «Жар-жар» мен «Бәдік» жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына ұласқан. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көпайтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сонымен бір-біріне логик. ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Балқы, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Кұлмамбет тәрізді ақындар өлеңнің «киесі бар, иесі бар» деп білген. Бетпе-бет келген екі ақын жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қаншаөкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. 20 ғ-дың 40-жылдардағы Кенен мен Нартайдың, Болман мен Шашубайдың, Орынбай мен Маясардың, Доскей мен Қуаттың ең таңдаулы жырлары аталы сөздің алдыңдағы адалдықгың көрінісі болды. Бұлар бұрынғы ұлы ақындардың көзін көрген, суырып-салма дәстүрдің бастауынан нәр алған ақындар еді. 80-жылдары сөз киелерінің алдын көрген, өнегесін алып қалған Манап, Қалихан, Көпбай, Тәушен сынды ақындар айтыс өнерінің жаңа дәуірін бастап кетті. Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілев, Шынболат Ділдебаев, Қатимолла Бердіғалиев, Шорабек Айдаров, Есенқұл Жақыпбековтер алдыңғы буын ақындардың дәстүрін көш ілгері жылжытты. Осы тұста Қазақ Республикасының теледидары ақындар айтысына өлшеусіз ықылас танытты. Жаңа технологиямен жарақтанған телеарна салтанатты сарайларда айтыстар өткізіп, оны бүкіл республикаға көрсетіп отыруды үрдіске айналдырды.Бүгінде айтыстыңабыройынасырып жүрген А.Әжаев, М.Қосымбаев, А.Леубаева, М.Тазабеков, С.Құсанбаев, А.Тұрсынбаева, Б.Шойбеков, Б.Имашев, Д.Кәпұлы, Р.Зайытов, т.б. ақындарайтыс өнерінде жаңа жыр өрнегін тудырды. . Қазір айтыс саласы жедел дамып, халықар. сипат алды. 1989 ж. Моңғолияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің айтыскерлерінің қатысуымен Алматыда халықар. айтыс өтті. Іле шала ақындар айтысы Ташкентте, Бішкекте өтіп, бауырлас халықтардың арасындағы рухани көпірге айналды. 2004 ж. «Күлтегін» баспасынан
ақындар айтысының мәнді жерлерін теріп алып «Айтыс» деген жинақжарықкөрді.