АЙНАБЕКОВ Кәрім

АЙНАБЕКОВ Кәрім (5.10.1940 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Бадам ст.) -ақын. Новосібір электротех. ин-тын және ҚазҰУ-ды бітірген. Шымкент обл. өндірістік-тех. байланыс басқармасында бөлім бастығы,кейін осы мекеме бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1998 -99 ж. Ақтөбе қалалық пошта бастығы болып еңбек етеді. Қазір «Қазақтелекомның» Ақтөбе обл. дирекциясында қызметкер,»Таңсәрісі» (Алматы. 1977),»Махаббатмоншақтары»(Ақтөбе, 1991), «Сені іздеймін» (Алматы. 1994),»Күнім, күніңмін» (Алматы. 1998) атты жыр жинақтары жарықкөрген. Қырғыз жазушысы Таш Мияшевтің «Қоштасу» (Жолбарысты танисыз ба?) повесін,орыс жазушысы А.Тельманның «Ар-ождан алдында» пьесасын қазақ тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *