АЙМАҚ Әбілда (13.4.1954 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд-нына қарасты Қ.Мұңайтпасов атынд. ұжымшар) -ақын. Халықар. қазақ-түрік ун-тін бітірген (1990). 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің қызметкері. 1993 жылдан директоры. Жырлары 1972 жылдан бері жарияланып келеді. 1984 ж, жас ақындардың дәстүрлі жыр жинағы «Қарлығашқа» бір топ өлеңдері енді. А-тың шығармалары «Мерейлі мекен»,»Мүшәйра-92″жыржинақтары арқылы оқырманға таныла бастады. Ақынның «Ләйлә»,»Домалақ ана кесенесі», «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан» атты кітаптары жарық көрген. 1993 ж. республика ақындарының қатысуымен Алматыда өткен жабық конкурстың бас жүлдегері.