АДАЙ Сабыр (30.9.1960 ж.т., Қарақалпақстан) — ақын. Алматы эстрада-цирк колледжінің күй класын бітірген (1981). Бат. Қазақстан ун-нде оқыған (1981). Ұзақ жылдар мәдениет саласында еңбек еткен. Қазір респ. «Үш қиян» баспасында қызмет істейді. «Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жылуы», «Әр қазақ -менің жалғызым», т.б. жыр жинақтары шыққан.