АВТОР БЕЙНЕСІ-әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда А. б. әр түрлі дәрежеде,әр қырынан аңғарылады. Эпикалықшығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму
барысынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда автор,негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Лирикалық кейіпкер автордың өлеңмен жазылған тікелей өз көшірмесі емес, жинақтала келіп, белгілі бір нақтылы сипатты иеленген көркем бейне болып шығады.