АБЫЛҚАСЫМОВ Болатжан Шайзадаұлы (8.4.1950ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Үржар ауд. Қабанбай а.) -ғалым. филол. ғыл. докт. (1994,проф. (1996). ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1973 -92 ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға лаборант,кіші ғыл. қызметкер, ғалым-хатшы. 1992 -2000 Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тының деканы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында кафедра меңгерушісі. «Жамбыл және халық поэзиясы» (1975),»Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979),»Фольклор шындығы» (1989),»Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993),»XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994),»Әдебиет терминдерінің сөздігі» (1996), «Әдебиеттану» (1998), «Қазақстан Ұлттық энциклопедия» (1999),»Қазақ әдебиеті (энциклопедия)» (2000),»Қазақ әдебиеті мен өнерінің мәселелері» (2001),»Айтыс: бүгіні менболашағы» (2003). т.б. ұжымдық еңбектердің авторларының бірі «Әсет Найманбаев» (1988) кітабының құрастырушысы.