АБДУЛЛИН Хамза Жармұхамедұлы (10.2.1919. Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. Калинина. -10.2. 2001) -ақын. Петропавл агротехникумын (1932), Омбы қ-ндағы ауыл шаруашылық жұмысшылар ф-тін (1936) бітірген. Солт. Қазақстан обл. халық ағарту бөлімінде қызметатқарған (1936 -37). Алматыда Қазақстан коммунистік журналистік ин-да оқыған (1937-1940 ж.). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскен. Тұтқындар лагерінен М.Шоқайдыңбастамасымен құрылған «Түркістан легионы» құрамына алынып, М.Айтбаевсынды ақындармен бірге болған. Соғыс аяқталған соң, елге оралып, әміршіл-әкімшіл жүйенің саяси қуғын-сүргінін басынан кешті.Кейін»Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Жаңа фильм» журналында қызмет істеген. А-нің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастады. 1940 ж. Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды. А. аудармамен де шұғылданған. Оның аудармасының ішіндегі шоқтығы биігі -грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жаһангез» дастанының қазақ тіліндегі аудармасы. А. бұдан басқа орыс, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, неміс ақындарының да жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ғұмырының соңында «Түркістан легионы» құрамында болған қазақ
азаматтары туралы құнды естеліктер жазып қалдырды. Медальдармен марапатталған.