АБДРАХМАНОВ Сауытбек

АБДРАХМАНОВ Сауытбек (7.11. 1951 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Қазығұртауд.)-журналист,әдебиет-зерттеуші, аудармашы, киногер, ғалым, филол. ғыл. канд., Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1998). ҚазҰУ-дың журналистика ф-тін бітірген (1975).» 1975-87 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1987 -90 ж. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1990 -95 ж. ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1997 -2000 ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті, 2000 -2003 ж. «Егемен Қазақстан» республикалық газетіашық акционерлік қоғамының президенті, 2003 -2004 ж. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі қызметтерін атқарды. Қазір » Егемен Қазақстан» республикалық газеті ашық акционерлік коғамының президенті. «Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Азамат күнтізбесі», «Елдік сыны» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», » Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. Қырыққа жуық көркем фильмді, В.Солоухиннің шығармаларын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сезім сұлу» кітабын, арабтың «Бейбарыс сұжан» атты халықтық романын қазақ тіліне аударды. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы. Орыс ақыны А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының қазақ тіліне аударылу тарихы, поэзия аудармасыныңэволюциялық жолы, суретші Орал Таңсықбаев шығарм-ғы жөнінде зерттеулер жазды. Журналистика саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *