АББРЕВИАТУРА (лат.аb-бастапқыдан, brevio-қысқарту) -сөз тіркесінің қысқартылып жазылған түрі. 1) И н и ц и а л д ы қ А. қысқартылып жазылған сөз тіркесіндегі басқы әріптерден немесе дыбыстардан ғана құралады. Мыс., ҚР (Қазақстан Республикасы), ҰҒА (Ұлттық ғылым академиясы). Сондай-ақ, т.б. (тағы басқалары), т.с.с. (тағы сол сияқты) сияқты А-лары да қолданылады; 2) Б у ы н д ы қ А. сөз тіркесіндегі сөздердің бастапқы буындарынан немесе алғашқы сөздегі бастапқы буын мен соңғы сөздің тұтастайтіркестірілуіненқұрылады. Мыс., Қазақпарат (Қазақ ақпарат агенттігі), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), Аббревиатура ғыл. әдебиетте, баспасөзде, ресми құжаттарда көп қолданылады. Арагідік көркем әдебиеттеде кездесіп отырады.