Тайынбай түсіп топқа мен

Тайынбай түсіп топқа мен,
Тұлпардың түгін жоқтап ем.
Періште келіп қаққанша,
Пері кеп соқты ноқтамен.
Айналды бәрі елеске,
Жетем бе қуып жоққа мен.
Алтынды ердің арқасы–
Опырса сынбас оқпан ем.
Сүрлеудің таныс тармағы-
Атадан қалған соқпақ ем.
Өзенді судың аңғары–
Өткелсіз жерге тоқтап ем.
Өлеңге орап жанымды,
Өмірлік қамал соққан ем.
Үзілмес үміт сол шығар,
Үркітпес қанды соқтамен.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *