Сапырып судай көбікті,
Сабылдық біз дене бітті?
Құтырған қара дүлейдей
Қызыл көз қырсық тебітті.
Әуелден әлсіз байқұсқа,
Жыртқыштың аузы жерікті.
Қасқырдың тісі-қандауыр,
Бауыздар момын елікті.
Ойласам түптеп осыны,
Қарадай басым зеңітті.
Тәңірім бүйтіп тарынса,
Ноқтасын несін кеңітті?
Безбүйрек қана бүлкетпес,
Кемірген итше кемікті.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ