-Көз жіберсем қиырға–сергелдең де сергелдең,
Бұлдырайды босқан ел,сағым қуып сенделген.
Шыңғыстаудың шоқтығы шымылдықтай қара нор,
Мына сұрғылт заманның сиқы жаман мен көрген.
Шала түтін бықсиды иттің көзі танымас,
Тостағаның жарымас қойдан қозы бөлгенмен.
Бүктемесең жауыңды, жем боласың қорқауға,
Тектемесең түбіңді, тең боласың өлгенмен.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ