НЫСАН АБЫЗ

-Сен сұрасаң болжа деп, мен айтайын, уа, балам,
Көріп тұрмын көк түтін-о, зобалаң, зобалаң!
Шаңырақтан бақ безіп, құт қашады сабадан,
Ел қынадай қырылар, жусағандай обадан.
Ақ сүйектей домалап айдалада мама ағаш,
Желі менен көгенің желге ұшады тонаған.
Қыраныңның қанаты керегедей саудырап,
Жаңғақ болар тұғырың, томар болар томағаң!
Қолың кетпей жағадан, көзің кеппей сорадан,
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *