МҰХТАР

-Не деп кеттің, қария,сөзің қандай зәрлі еді,
Шыныменен тимей ме Тәңірінің жәрдемі?
Арғымақтан жал кетсе,азаматтан әл кетсе,
Қайда қалмақ қалың ел ығанда дәрмені?
Домаланса есікте алтын басым төрдегі,
Күңіренер аруағы жеті атамның көрдегі.
Пәруәрдігер, ала бер шыбын жанды мендегі,
Айнымаса егерде әулиенің көргені?!
Байқамаса қызыл тіл қарып түсер шоқ бейне,
Адасады ақылың, жаңылады жақ кейде.
Бұйырмай ма қазаққа сынық күлше бақыттан,
Қара аспанды төндірмей, абыз ата, ақ сөйле!?

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *