Келгенге жомарт көңіл жоқ түнерген

Келгенге жомарт көңіл жоқ түнерген,
Сезсе де зілдің сызын кектілерден.
Шер-мұңын шымырлатып шертті маған,
Қапалы қайың астау көпті көрген.
Боздатып боз інгендсй небір ойды,
Ақырын жылайды астау, еңірейді.
«Айырылу қалың елден қиын екен,
Ала кет, айналайын, мені?!» дейді.
Болса да қанша берік заты қатты,
Байқасам қақ жарылып қақырапты.
Қым-қуыт құрсауланып, шегеленіп,
Әйтеуір ыдыс деген аты қапты.
Басынан ұшып кетсе ғанибет күн,
Қалмайды осы астаудай зар илеп кім?
Түбіне қырық жамау қарап тұрып,
Өзімнің тағдырымды тани кеттім.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *