Жібі үзілсе ғұмырыңды ұстап тұрған түйменің

Жібі үзілсе ғұмырыңды ұстап тұрған түйменің,
Жан сақтауға жарамайды ішкенің мен кигенің.
Сорлы байғұс армандайды асқар таудай бақытты,
Жақсылыққа зар боп жүріп жасуындай иненің.
Арман құсын тұлпар мінген бабам қуып жетпеген,
Мен де жетіп жарытпаспын ұшсам-дағы көкпенен.
Бізді қойып, қасиетті сүйген ұлы Алланың,
Мұхаммедтің омырауы да көз жасынан кеппеген

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *