БАУЫРЫМ

Жағаны толқын ұрмай ма,
Арнаны тасқын бұрмай ма?
Сөзіңнің сиқы түзелмей,
Көзіңнің жасы құрғайма?
Тереңге тартқан тамырды
Тасқын-селкеліп жұлмай ма?
Сүрінген ерге сын қойма,
Бүлінген елге мін қойма!
Азапты жанның арызын
Тас керең тағдыр тыңдайма?
Боз көде басы бозторғай,
Бебеулеп соны жырлай ма?
Айналып соғып бұл жайға,
Айтуға сірә тіл майда

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *