БАУЫРЫМ

Бауырым, сонау күн қайда,
Алыстан қолын бұлғай ма?
Алдыңғы кеткен керуен
Артына мойын бұрмайма?
Бұлдыр да бұлдыр бел асып,
Бұлдырлық құсап зырлай ма?
Ойланып, байқа мұндайда,
Қуаныш қайда, мұң қайда?
Көріктей үрлеп көрерсің,
Заманың көнсе ыңғайға.
Құм шөлмек тектес ғұмырың
Қапыда бір күнсынбайма?
Сыбызғы тең бе сырнайға,
Тобылғы тең бе ырғайға?
Уызға жарып өскен ұл,
Қазанның түбін қырнай ма?
Қайғысын көптің тартпасаң,
Көк тиын құның тұрмайма?

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *