Ақырып тұрған жолбарыс-менің бейнетім

Ақырып тұрған жолбарыс-менің бейнетім,
Бейнелеп оны айтпаған жерде ой жетім.
Бозінген түстес боз үйлер еске түседі,
Шымшықтай жүрек шырылдай қалса кейде тым.
Боз інген боздап, боз үйлер қозғап дертімді,
Көкейде бұққан көңілдің күйі шертілді.
Көрінер ме екен орнындай өшкен ошақтың,
Төңкере қойсам төбесі тозған бөркімді?
Ықтасын болса пенденің бәрі жан сақтар,
Кеудемде менің жана алмай қалған қанша от бар.
Аспаннан түскен жұлдыздың жұмыртқасындай,
Ақ боз үй көрсем көзімнің жасы моншақтар…
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *