ИЗИМОВ Изиз

ИЗИМОВ Изиз (9.1.1929, Алматы обл. Ұйғыр ауд. Авата. -1995) -ақын. ҚазҰПУ-ды бітірген (1952). 1952 -57 ж. «Йеңи һаят» редакциясының меңгерушісі, аға редакторы, кейін Шелек ауд. газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан пед. жұмысқа ауысып, Алматы обл. Шелек ауд. Байсейіт а-ндағы орта мектепте мұғалім болған. Оның көптеген өлеңдері 1953ж. шығарылған ұйғыр ақындарының «Өлеңдер» жинағына енген. Өлеңдері орыс және қазақ тілдеріне аударылған. «Тау бөктерінде» (1963), «Ауыл әуендері» (1970), «Көмекшілер» (1974), т.б. жинақтары шықты. Ол орыс қаламгерлері А.С. Пушкиннің «Полтава», А.Н. Некрасовтың «Темір жол» поэмаларын, А.Гайдардың «Тимур және оның командасы» повесін (С.Мансуровпен бірге). қазақ жазушылары М.О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын, С.Мұқановтың «Ботагөз» романын (Асамдиновпен бірге), татар ақыны М.Гафуридің таңдамалы өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *