ИДЕЯ

ИДЕЯ, көркем идея -әдебиет пен өнер шығармасының өзегінен алынған жинақтаушы,
эмоционалды, образды ой. Көркем ойдың нысаны болып көбінесе белгілі бір дәуір шындығы неғұрлым айқын көрінетін өмірдің жекелеген құбылыстары алынады. И. жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді. И-сыз шығарма болмайды. Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан И-ның терең тамыры сол шығарманы тудырған суреткердің дүниетанымына, әлеум. көзқарасына жатады. Бір тақырыпқа жазылған бірнеше туындының әрқайсысының өз И-сы болады. Мыс., С.Мұқановтың «Ботагөзі», Х.Есенжановтың «Ақ Жайығы», Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тері» -бір тақырыпқа -тарихи-революциялық тақырыпқа жазылғанымен, әр романның И-сы өзінше бөлек. Бұл өзгешелік жазушының тек өзіне тән шығарм. ерекшелігінен туады. Көлемді шығармада бірнеше тақырып және соған сәйкес И. да кездеседі. Мыс., М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы шәкірт Абайдың ауылына келе жатқан эпизодындағы тақырып -туған жер болса, ал оның әжесі Зере мен анасы Ұлжанға, ана-жеңгелеріне амандасу эпизодының тақырыбы -ана да, И-сы -сағыныш. Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық күрделілігі, яки көп проблемалығы да осында. Көркем шығармада тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен. олардың бәріне ортақ жері -бірлік болады. Мыс., Ғ.Мұстафиннің «Миллионеріндегі» өзекті И. -колхозды ауылдағы соц. еңбектің салтанаты. Шығарманың идеялық бағытының шындыққа негізделуі және өмір материалдарын эстетик. тұрғыдан қорыту оның көркемдік құндылығын арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *