ИГЕНСАРТОВ Ғабдіман (12.3.1902, Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. -2.15.1976. Қарқаралы қ.) -Қазақстанның халық ақыны (1962). Өз бетінше сауатын ашқан. 1927 -28 ж. Темірші болысы жалшылар к-тінің. 1928 -30 ж. Қарқаралы окр. атқару к-тініңтөрағасы болған. 1930 -56 ж. Қарағанды обл-ның кеңес органдарында, шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарған. 2-дүниежүз. соғысы жылдары көмір кеніштерінде жұмыс істеген. Қарағанды обл. «Советтік Қарағанды» (қазіргі «Орталық Қазақстан»), Қарқаралы ауд. «Коммунизм таңы» газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. И. өлеңдері 20 ғ-дың 20-жылдарынан бастап жариялана бастаған. «Ақ қошқардың жоқтауы» өлеңі (1930), «Ақ бидай» (1934) поэмасы Семей обл. «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде жарияланған. «Лавадағы өмір» (1949, 1985), «Шахтер сөзі» (1953), «Өлеңдер жинағы» (1959), «Шынар» (1961), «Арман» (1964), «Поэмалар» (1964), «Тың дала» (1968), «Айдау Әбек» (1970), т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрген. Қарқаралы қ-ның орт. көшелерінің бірі И. есімімен аталады.