ЗӘКӘРИЯ Сағындықұлы (1888. Маңғыстау -1931. Қарақалпақстан, Қоңырат қ.) -ақын. «Жеке меншікті көксейтін қоғамға зиянды адам» деген жаламен 1928-ЗОж. Ойыл түрмесінде отырып, 1930 ж. он жылға концлагерге айдалады. Бірақ, түрмеден қашып,Қоңырат қ-нда дүние салады. «Адамзаттың баласы»,»Құдіреті күшті Құдайым»,»Адай деген ел едік», «Көлденең жатқан Маңғыстау», «Шатылу бүгін емес,бұрыннан бар»,т.б. жырлары бар. З. толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде және «Қапаста жазылған хаттар»(97. 1992), «Жырдария» (Ақтау. 1995) жинақтарында жарияланған.