«ЗУБДАТ әл-АСАР»(«Жылнамалар қаймағы») -ортағасырлық тарихи шығарма. Толық атауы -«Тарих-и зубдат әл-асар» («Жылнамалар қаймағы аталған тарих»). Авторы -Абдаллаһ бин Мұхаммед бин Әли Насралдаһи, қысқаша Абдаллаһ Балхи. Ол Балх қ-ның білімді адамдарының бірі болған. «3. әл-А.» Мұхаммед сұлтанның жеке тапсырмасымен 1525 жылдан кейін шағатай тілінде жазылған. Қолжазбаеңбектің 3 нұсқасы Санкт-Петербургте, Ташкентге (бұл екі қолжазба да тақырыпсыз), Лондонда сақталған. Шығармада дүниенің жаратылысынан бастап, Сүйінішқожа хан кайтыс болған 1925 жылғадейінгі автордың өзі білген Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалады. «3. әл-А-ды» ғыл. айналымға енгізген В.В. Бартольдтың айтуынша, шыгарма «Тамам ат-тауарих» деп те аталады. «3. әл-А-да» Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни, Рашид әд-Дин, Абд әр-Раззақ Самарқанди, т.б-дың еңбектері пайдаланылған. Шығарманың Шайбани әулетіне арналған тарауында қазақ халқының тарихына қатысты деректер кездеседі. Автор өзі баяндаған оқиғалардың куәсі болған.