«ЗАҢ ГАЗЕТІ»-қазақ тіліндегі республикалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 ж. 3 қарашада жарық көрген. Тұңғыш редакторы (1994 -97 ж.) -Марат Тоқашбаев. 1997-2001 ж. Қасым Әзімхан. 2001 жылдан Шарафаддин Әмір бас редактор болып қызмет атқарып келеді. Құрылтайшылары -ҚР Жоғ. соты жанындағы Сот әкімш. жөніндегі к-т пен ҚР Әділет мин. Газетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Негізгі бағыты -құқықтық, демократаялық мемлекет құру жолында жүргізіліп жатқан реформа қадамдары туралы толық, кәсіби дәрежеде ақпарат беру және жұртшылықтың заң саласындағы сауаттылығын арттыруға ықпал ету. Газетте Республиканың саяси, әлеум., экон. және мәдени өмірдегі
жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалар жарияланып тұрады. «3. г.» 2003 жылдың қарашасынан бастап аптасына екі рет шыға бастады. Көлемі -4 б. т. Таралымы-17068 дана(2005).