ЗАФАРНАМА

«ЗАФАРНАМА»(парс. -«Жеңіс кітабы») -Низам әд-Дин Шамидің шығармасы. Әмір Темірдің өмір тарихы туралы қолжазбаның ресми сақталып қалған, екі түрде редакцияланған нұсқасының алғашқысы, 1402 -04 ж. парсы тілінде жазылған. Низам әд-Дин Шами Бағдаттан
1393 ж. қоныс аударып, Әмір Темірдің сарайына қызметке ауысады. Сол себепті ол осының алдындағы жылдарда болған оқиғалардытекауызшажәнежазбадеректемелерге сүйеніп жазуы ықтимал. «3.» Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып,шығарманың атын да өзі қойған. Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде оның қолбасшылық өмір тарихын (бізгежетпеген) және жекелеген жорықтарының күнделіктерін (бұлардың ішінде бізге жеткені Гийас әд-Дин Әли Йездидің «Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігі» ғана) пайдаланған. Белгілі дәрежеде «3.» авторы парсы және ұйғыр хатшылары құрастырған жазбаларына да (оны Әмір Темірдің өзіқарап жөндеген) сүйенген. «3-да» Әмір Темір өмірі мен қызметінің негізгі оқиғалары: 14 ғ-дың 2-жартысындағы оның Мауераннаһрда билікті қолға алу үшін күресі. Моғолстанға, Хорезмге, Хорасанға, Иранға,Грузияға, ДештіҚыпшаққа, Үндістанға. т.б. елдерге жасаған көптеген жорықтары қысқа әрі шежірелік сипатта берілген. «3-да» Темір серіктестерінің есімдері,олардың қай тайпа,руға жататындығы келтіріледі,оныңдұшпандарының іс-әрекеті, аты-жөндері,туыстық байланыстары, т.б. көптеген мәліметтер бар. Оқиғаны баяндау желісі 1403 жылға дейін жеткізілген. Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеуде шығармада Әмір Темірдің 14 ғ-дың 80-жылдарында Дешті Қыпшақ пен Моғолстанға жасаған тараулар айрықша бағалы. Ондағы материалдар Темірдің осы аймақтарды мекендеген көшпелі халыққа жүргізген жаулаушылық, тонаушылық саясатын, оның Ақ Орда,Көк Орда мен Моғолстанның дербес экон. және саяси дамуына бөгет жасауға ұмтылғанын сипаттайды. Қазақстан жеріндегі осы мемлекеттердің ішкі саяси жағдайы, шаруашылығы,т.б. туралы бірсыпыра мәліметтер бар. Дешті Қыпшақ пен Жетісудың тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. Әмір Темір тарихын жазумен айналысқан кейінгі дәуірдің көптеген авторлары «3-ны» деректеме ретінде пайдаланды. Хафизи Абру оны өзінің «Маджуһа» (1417). «Зубдат ат-тауарих» атты еңбектерінде кеңінен пайдаланды. Мұхаммед ибн Фазлаллах Мусави Әмір Темір тарихына арналған «Тарих-и Хайрат» (1412-14) еңбегін «3-ға» сүйеніп жазды. Шараф әд-Дин Әли Йезди де Әмір Темірдің ресми тарихын жазғанда осы еңбекті пайдаланған. «3-ның» екі қолжазбасының бірі Лондонда. екіншісі Стамбұлда сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *