ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ

ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ-қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. 3. з. а. шоғырының белгілі өкілдері: Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы, М.Мөңкеүлы, Ә.Кердері, А.Асан, т.б. М.Әуезов 3. з. а. дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. 3. з. а. тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. 3. з. а. халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімінен ажырамауға үндейді. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен саясаты 3. з. а-ның өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, дінінен аулақтау сияқты империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы 3. з. а-ның қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух әсіресе Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. 3. з. а. шығармаларында сары уайымға са-лыну, қайғы-мүңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқгығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін 3. з. а-ның бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. 3. з. а-ның өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы «ауа көшу», «қонысты тастау» ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. 3. з. а-ның көпшілігіне тән ерекшелік -келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер 3. з. а. шығарм-ғының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжам бергені -Д.Бабатайұлы. 3. з. а. шоғырының белгілі өкілі -Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде 3. з. а-ның шығармаларын насихаттауға тыйым салынды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда 3. з. а-ның кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мыс., 1978 ж. Ленинградта басылып шыққан «Поэты Казахстана» жинағында (құрастырған М.Мағауин) 3. з. а-ның отаршылыққа қарсы жазған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. 20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты. 3. з. а. шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. З.з.а шығарм-ғы -жаңалығы мол өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретіндегі әдебиеттану ғылымының түрақты зертгеу нысанасы больш қала бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *