ЖҰРТБАЕВ Тұрсын Құдакелдіұлы (15.8.1951 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Шаған а.) -ақын, жазушы, филол. ғыл. докт. (2000). ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1974-76 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1976 -80 ж. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), 1980 -90 ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Әдебиет және өнер ин-тының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлімінің (мұражай үйінің) аға ғыл. қызметкері (1990 -93). бөлім (мұражай) меңгерушісі (1993 -96), М.Әуезов үйі ғыл.-мәдени орталығының директоры (1996 -98). 1998 -2000 ж. Әдебиет және өнер ин-тының докторанты, аға ғыл. қызметкері. 2000 -2001 ж. ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемл. қызмет академиясының аға оқытушысы, «Қазақ газетгері» ашықакционерлік қоғамының ғыл. кеңесші редакторы қызметтерін
атқарған. 2001 жылдан Еуразия ұлттық ун-ті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғыл. орталығының директоры. Алғашқы өлеңдер жинағы «Қоңыр қаз» 1978 ж. жарияланды. «Жүрегімде -жұмыржер» (1980) өлеңдер мен поэмалар, «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер -бесік» роман-новелласы (1985), «Бейуақ» роман-эссесі (1990),»Дулыға» 2 томдық тарихи-танымдық кітабы (1994), «Кетбұға» (1994), «Бесігіңдітүзе», «Талқы» роман-эсселері (1997),»Мухтар Омарханович Ауэзов» (1997),»Күйесің жүрек…сүйесің!» (2001),»Бесігіңді аяла!…» кітаптары жарық көрген. Шығармалары әлемнің 15 тіліне аударылған. Халықар. «Алаш». І.Жансүгіров атынд. әдеби сыйл. лауреаты (1990). Пәкстан Респ-ның (1996). ЮНЕСКО-ның (1997) Құрмет грамотасымен. «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген ерекше еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.