ЖҰМБАҚ

ЖҰМБАҚ -адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатгалатын шағын әдеби жанр. Ж. жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Ж. әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен ғылымда «Фольклорлық жанр», «халықтық поэзияның шағын түрі» деп саналады. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларьшың шығарм-ғында Ж-тар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды. Қазақ Ж-тары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғ-дың 2-жартысы мен 14 ғ-дың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс Куманикусте» көптеген Ж-тар берілген. Ондағы Ж-тардың құрылымы, табиғаты казіргі қазақ Ж-тарына ұқсас. Сонымен қатар М.Қашқаридің «Түрік сөздігінде» де қазіргі қазақ Ж-тарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Ж-ты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жартаңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Ж. жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Ж. кара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Ж. бейнелі суретпен айтылады. Мыс., «Айдалада ақ отау, Аузы-мұрны жоқ отау» (жұмыртқа), «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз). Қазақ әдебиетінде ақындардың жұмбақайтыстары көп кездеседі (мыс., Жігіт пен қыздың жұмбақайтыстары, Сапарғали мен Нұржанның, Тұрмағамбет пен Шәді Төренің айтысы) Ж-тыңкомпозициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Ж-тың байлауы,екінші бөлікті Ж-тың шешімі деп атайды. Ж-та заттың түр-түсі, көлемі, қасиетімен қатар,оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекетідеайтылады.Ж-табелгілібір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық қүрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Ж. жанрына тән басты ерекшелік -көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Ж. сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Ж-тың ең басты поэтикалық құралы -ьметафоралық тәсіл. Ж. нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мыс., аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, , техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Ж-тар тақырыбы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті. Қазақ Ж-тарын жинау 19 ғ-дың 2-жартысында басталып, 20 ғ-да одан ары жалғасты. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өз шығарм-ғындаЖ-тарғаарнайытоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В.Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары САманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Ж-тары жинағы бірнеше рет кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін фольклор қойнауынан алатын Ж. қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиетгің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Ж. жанрына қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.ЫІдырысов, Қ.Мырза Әлі, К.Баянбаев, І.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Ж. қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *