ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ

ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ -қазақтың жұмбақтары көбінесе өлең түрінде айтылады. Тақпаққа тән ерекшеліктер ұлғая, ұштаса түседі. Көркемдік суреттеу құралы ретінде жұмбақ өлеңде теңеулер, метафоралар, каламбур тәрізді сөйлемшелер елеулі орын алады. Жұмбақталған объектөзіне сәйкес басқа нәрсемен теңеліп, салыстыруарқылықалыптасқанбейне болып шығады. Мыс., «Біреудің бір ұлы бар және қызы. Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықгайды ұлы түнде, қызы күндіз. Жүргенде білінбейді басқан ізі». (Күн мен Ай). «Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбатты, жан шыдамас үндері бар, Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ, Кететін зиян қылып бір жері бар» (Жолбарыс).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *