ЖҰМАХАНОВ Тілеухан

ЖҰМАХАНОВ Тілеухан (15.5.1956 ж.т.. Қызылорда обл. Арал ауд. Ұялы а.) -жазушы,аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1978). 1978-79 ж. Қазалы ауд-нда орта мектепте оқытушы. 1979 -81 ж. Қазақтеледидарында редактор,1981 -88 ж. «Қазақстан әйелдері» журналында аға редактор,бөлім меңгерушісі,1988 -93 ж. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында аға редактор. 1993 -97 ж. «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары. 1997 -2003 ж. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакторының бірінші орынбасары,бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазір «Адамар» баспасының директоры. Алғашқы әңгімесі «Қыстың соңғы түні» 1985 ж. «Жалын»
журналында жарық көрген. Бірнеше көркем әдеби, ғыл.-танымдық кітаптардыңавторы. Үнді жазушысы Ананта Муртидің «Самскара», жапон жазушысы Коба Абенің «Құм арасындағы әйел» повесть-романдарын, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *