ЖҰМАДІЛ Маман (1941 ж.т.. ҚХР, Іле аймағы, Күніс ауд.) -ақын, жазушы, ҚХР Жазушылар одағының мүшесі,ҚХР мемл. үздік ғылым техника маманы. Шыңжаң пед. ин-тын бітірген. 1959 жылдан «Іле жастары» журналында редактор,»Іле айдыны» журналының бас редакторы, Іле қазақ автономиялы обл. әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы қызметгерін атқарған. «Әкпар -Сейіт» дастаны үш аймақ төңкерісінің қалай басталғанын,жалпы барысын поэзиялық тілмен сөз еткен ҚХР-дағы алғашқы шығармалардың бірі.