ЖҰМАБАЕВ Ғаббас

ЖҰМАБАЕВ Ғаббас (5.5.1924, Қостанай обл. Боровской ауд. Ақсуата. -4.5.1980. Алматы) -ақын. Меңдіғара қазақ пед. уч-щесін (1942). Алматы Жоғ. партия мектебін (1959) бітірген. 1945 -47 ж. Ауыл мектебінде мұғалім. 1947 -55 ж. Қостанай обл. газетінде әдеби қызметкер,жауапты хатшы болған. 1959 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгеруші, жауапты хатшы,
«Жұлдыз»,»Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист Қазақ КСР Мин. Кең. жанындағы информация агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған.Тұңғыш өлеңдер жинағы -«Нөсер» 1959 ж. жарық көрген. Ж. Л.Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинағын. Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, Самед Вургунның «Баку-дастан» поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *