ЖҰЛДЫЗ

«ЖҰЛДЫЗ» -республикалық әдеби журнал. «Шолпан» (1922), «Таң» (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 ж. жарық көрген. Әр жылдары «Жаңа әдебиет» (1928 -32),»Жыл құсы»,»Әдебиет майданы» (1932 -39), «Майдан» (1941 -45),»Әдебиет және искусство» (1939 -41; 1945 -57) атауымен шығып тұрған. 1957 жылдан «Ж» деген атпен шығады. Журналдың қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірді. Алғашқы редакторы -С. Сейфуллин, Журналға Ғ. Мүсірепов, 3. Қабдолов, Ә. Нұрпейісов, С. Мәуленов, Ш. Мұртаза, Б. Тілегенов, М.Мағауин әр жылдары бас редактор болған. Журналдың «проза», «поэзия»,»Исламтағылымы», «әдеби мұра», «зерде», «әдебиеттану», т.б. бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде беріледі. Құрылтайшысы: «Қазақ газеттері» жабық акцион. қоғамы. Көл. 10 б. т., таралымы 4120 дана(2002).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *