ЖҰБАТҰЛЫ Нұрсұжан (15.4. 1900 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. Сарытөбе мекені -20.8.1963. сонда) -Сыр бойындағы шайырлық дәстүрді жалғастырушы ақын. Жастайынан араб-парсы тілдерін жетік біліп,КарасақалЕрімбет,Нұртуған, Тұрмаганбет, ШораяқтыңОмары секілді Сыр сүлейлерін ұстазтұтқан. 1920 ж. Қазалы қ-ндағы мұғалімдер даярлайтын бір жылдық курсты бітіргеннен кейін өзі туған өңірде, Қарақалпақстанда бірқатар мектептерде меңгеруші, кеңес ұйымында қызмет атқарған. Өлеңдері отызыншы жылдардан ауд., обл. газеттерде жарияланып тұрған. 1943 ж. обл. ақындар мүшәйрасында «Майданнан хат», «Майданға хат» өлеңдері үшін бірінші бәйге берілген. Ақынның Сермамбет Қожамен,К.Берімбаевпен, Ә.Қаналиевпен, Ш.Жолмағамбетовамен айтыстары сақталған. «Жанқожа батыр» тарихи жырдың, «Бегім ана», «Мұса әпенді» шағын дастандарын жазған.