ЖҰБАТЫРҰЛЫ Сайлаубай (11.1. 1948 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Бөген а) -жазушы.
ҚазҰУ-ды бітірген (1972). 1972 -78 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1978 -84 ж. «Казақфильм» киностудиясының шығарм. бірлестігінің бас редакторы, ҚР Мәдениет министрлігінің жетекші маманы, М.Әуезов атынд. Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарған. 1984 ж. шығарм. жұмыста. Ж-ның тұңғышрет 1967 ж. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласы, » Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде «Бозайғыр» әңгімесі жарықкөрген. Қазақстан ЛКЖО ОК мен «Жалын» альманағы жариялаған респ. жабық бәйгеде «Алыстағы аралдар» повесі 2-орынды (1972), «Жасыл сағым» повесі жүлдегері атанды ( 1974). «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары, жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. Ж. толық («Бумеранг», 1981) және қысқа метражды көркем фильмдердің, «Күзгі жол» (1986) телефильмінің сценарийлерін жазған. Елуге тартакөркем фильмдерді аударған.» Абыржы» (2003) трилогиясының екі кітабы жарыққа шықты.