ЖҰБАНДЫҚОВ Ғалия (1872жт., Көкшетау обл. Көкшетау ауд. Жамантұз а. -1950. сонда) -ақын. Степняк алтын кенінде жұмыс істеген. Гармон, домбыраның сүйемелдеуімен ән айтқан. Айтыстарға қатысып, 2-дүниежүз. соғысы кезінде патриоттық жырлар шығарған. «Мен де аттандым қол жия», «Жеңіс толғауы», «Сөз шырағы Жамбылға» деген өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965) жинағында жарияланған.