ЖҰБАНДЫҚОВ Кенішбай (1865. Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Буденный а. -1950. сонда) -ақын. «Жеткенде ақын болдым он бес жасқа», «Байдың үйінде қонақ болу», «Түйе намаз» тәрізді өлеңдері ел арасына көп тараған. Қарағанды шахтерлері мен Қоңырат кеншілері туралы толғаулар шығарған. Ж-тың бірталай өлеңдері «Балқаш жұмысшысы», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланып тұрған. «Жарқылдап терезесі күнмен ойнап», «Асудан халқым асқанда», т.б. жыр-толғаулары халық поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатады.